Жаңалықтар

Президент: «Қазақстанда азаматтық қоғам әбден толысқан»

Президент: «Қазақстанда азаматтық қоғам әбден толысқан»
Фото: Baq.kz 15.06.2022 16:08 1108

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Президентке қандай да бір саяси партияға мүше болудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Яғни мен дәл қазір ешқандай партияға мүше емеспін. Оның үстіне, біздің еліміз үшін өзектілігі зор Президенттің жақын туыстарына қатысты норма енгізілді. Олардың жаңа Конституция бойынша  мемлекеттік қызмет жүйесі мен квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға құқығы жоқ, - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Парламент рөлінің күшеюінен қорқудың қажеті жоқ деп отыр. 

Бұл – жүйенің нығая түсуін білдіреді. Дұрыс жүйе деп ойлаймын. Қазақстанда азаматтық қоғам әбден толысқан. Дәл осы жүйеге сұраныс айтарлықтай жоғары. Кейбір белсенділер мен батыстың бақылаушылары насихаттап жүрген Парламенттік жүйеге ауысу туралы айтсақ, мен халыққа ондай жүйені уәде еткен жоқпын. Ол геосаяси ахуалды ескерсек, біздің еліміз үшін қауіпті. Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар Президенттік республика болады. Күшті Президент, ықпалды Парламент, есепті Үкімет формуласын мен Президент лауазымына келгенге дейін де айтқан едім, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға