Президент 780 бала жаттығатын футбол академиясын аралады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
10.12.2024 19:32
381
Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.
Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды