Премьер-министрдің кандидатурасына Олжас Бектенов ұсынылды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
06.02.2024 11:31
1141
Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес,мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылғы 3 сәуірден бері Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған.
Оның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті