Премьер-министр экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Үкіметте ел Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Комиссия отырысында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.
Орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «Қазақтелеком» және «Тау-Кен Самұрық» компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.
Оқи отырыңыз:
- Үкіметке бюрократиядан арылу бойынша 550 ұсыныс енгізілді
- Елімізде энергетика мен басқа да салалардағы инвестициялық жобалардың саны сапалы түрде артады
