Позолотин Тимофей Семенович
Позолотин Тимофей Семенович 1908 жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы Явленка селосында туған. 1930 жылы қазанда Позолотин Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысының алдында Позолотин 29мотоатқыштар дивизиясының 47танк полкында қызмет еттi. Ол осында КОКП қатарына өттi.
Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың маусым айынан бастап қатысты. Қызыл Армияның тұрақты командирi аға лейтенант Позолотин Ұлы Отан соғысын Отан шекарасында, Белоруссияда қарсы алды. Гитлершiл басқыншылармен ауыр қорғаныс ұрыстары жүрiп жатты. 47танк полкінiң жауынгерлерi 29мотоатқыштар дивизиясы бөлiмшелерiнiң бір шептен екiнші шепке жылжуын демеп, атыс жүргiзiп тұрады. Танкистер арасында Тимофей Семенович Позолотин бар едi. Бiр шайқаста ол жараланса да, жауынгерлiк бұйрықты орындап жатты. Тек екiншi рет жараланғаннан кейiн ғана госпитальға баруға келiстi.
Жазылып шыққаннан соң Мәскеу түбiндегi шайқастарда танк бригадасының батальонын басқарды. Мәскеу түбiнде жауды талқандаған шайқаста шебер басшылығы мен ерлiгi, өжеттілігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
1942 жылы қабiлеттi офицер танкистi Әскери академияға оқуға жiбердi.
Академияны бiтiргеннен кейiн 17гвардиялық танк полкiнің (ОңтүстiкБатыс майданының 3гвардиялық армиясының 2гвардиялық механикаландырылған корпусы) командирi, гвардия подполковнигi Позолотин 1942 жылғы желтоқсанда маневрдi шебер ұйымдастырды.
Оның полкi Донда 2румын және 62немiс жаяу әскерлерi дивизияларының тылына шығып, күйрете соққы берiп, қарсылас жаудың екi құрамасының 10 мың солдатын жойып, қалғандарын тұтқынға алды. Осы операция үшiн КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Төралқасы 1942 жылғы 26 желтоқсанда Позолотин Тимофей Семеновичке Кеңес Одағының Батыры атағын бердi. Ленин, Қызыл Жұлдыз, 1дәрежелi Отан соғысы ордендерiмен марапатталды.
Қызу шабуыл шайқастарында подполковник Позолотиннiң даңқы шықты. Шайқастардың отты жолдарында шыныққан, Отанға деген сүйiспеншiлiгi жоғары, жеңiске деген сенiммен қанаттанған ол қарсыластың тәсiлiн «танып», оның осал жерлерін анықтап, жауға қарсы өзiнің ерiкжiгерiн бағыттап, жаудың кез келген қарсылығын бұзуға қабiлеттi түрде жауынгерлердi жұмылдырып үйренедi.
«Правда» газетiнiң 1942 жылғы 27 желтоқсандағы Қызыл Армияның шебер әскер басшыларына арналған «Жеңе бiлу» деген бас мақаласында былай деп жазды: «Кеңес Одағының Батыры полковник Т.С. Позолотин үлкен жауынгерлiк жолдан өттi. Ол танк батальонының командирi, одан кейiн танк бригадасы командирiнiң орынбасары болды. Шайқаста бригада командирi қатардан шығып қалған кезде Позолотин жолдас оның орнын басып, операцияны жiгерлi күшпен басқара бердi. Өзi жараланған кезде де қатардан кетпей, ұрысқа басшылық жасады. Талап қоя бiлетiн, бiлiктi, жiгерлi командир қазiр де қарсыластың iрi күшiн талқандау барысындағы операцияға шебер басшылық жасауда».
1943 жылғы мамыр айынан бастап Позолотин Белгород Харьков операциясына қатысқан 19гвардиялық танк бригадасына басшылық жасады. Немiс командованиесi қоршауда қалу қаупiнен сақтанып, Харьков маңында ССтiң танк дивизиясының күшiне сүйене қарсы шабуылға шықты. 19гвардиялық танк бригадасы барлық шабуылдарды тойтарып, немiстердiң жоспарын iске асырмады. Олар шiлде тамыз айларында Курск иiнi түбiндегi қанды шайқастарға қатысты. 1943 жылғы 21 тамызда жараланған ол ұрыс даласын тастап кетпей, шайқасты басқара бердi. 1943 жылғы
19 қыркүйекте Бабанск аймағындағы бiр қатты шайқаста жау оғының жарықшағынан ол жауынгерлiк жұмыс үстiнде ерлiкпен қаза тапты.
Табытқа салынған батырдың денесi ұшақпен Украинадан Мәскеуге жеткiзiлдi. Т.С. Позолотин Мәскеудiң Новодевичье зиратында жерлендi. Петропавлдың бір көшесi оның атымен аталды.