Жаңалықтар

Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды

Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды
Фото: Қазақстан темір жолы 29.07.2024 09:38 494

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушылардан тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақытылы жинамауына шағымдар жиі түскен. Осыған байланысты жеке тексеріс жүргізілді.

Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті, - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Компанияның мәліметінше, заң бұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі мен құжаттарды бұрмалау бар.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралатынын хабарлады компания.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға