Пойызда тұсаукесер рәсімі өткізілді
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
22.03.2024 18:02
601
Қазақ халқының салт-дәстүрі «Тұсаукесер» алғаш рет жолаушылар пойызында өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айжұлдыз есімді қыздың тұсауын «Астана-Шымкент» бағытындағы №85 пойыз бастығы Сәуле Кидралиева кесті.
Қыздың ата-анасы Сейсембаев Сүйеніш пен Оразбай Мөлдір бала өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын бейнелейтін қазақ халқының әдемі салтын жолаушылар пойызында өткізуі кездейсоқ емес. Сүйеніш мырзаның аталары ұзақ жылдар бойы теміржол саласында қызмет еткен. Қазіргі уақытта жас отбасыда екі қыздар бар.
Ісшараны ұйымдастыруға жолаушылар вагонының жолсерігі Диана Бимбетова көмек көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға