Жаңалықтар

Польша ЖОО-ларында тегін білім алу: құжат қабылдау басталады

Польша ЖОО-ларында тегін білім алу: құжат қабылдау басталады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 20.03.2024 22:07 656

2024 жылғы 26 наурызда Қазақстан Үкіметі мен Польша Үкіметі арасындағы келісім шеңберінде «бакалавриат», «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша Польша Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, өтінімдер 2024 жылғы 26 наурыз сағат 9:00-ден 2024 жылғы 18 сәуір сағат 18:30-ға дейін «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн қабылданады.

Қазақстандық азаматтар үшін 11 грант бөлінді:

- «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша-3 грант;

- «Магистратура» бағдарламасы бойынша-4 грант;

- «Докторантура» бағдарламасы бойынша-4 грант.

Грант мынадай шығыстарды жабуды көздейді:

- тегін оқыту;

- «Докторантура» бағдарламасы бойынша оқу кезінде ай сайынғы стипендия.

Қазақстан азаматтарының «Бакалавриат», «Магистратура» бағдарламалары бойынша тұруы білім алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Барлық стипендиаттар медициналық сақтандыру алуға міндетті.

Оқыту тілі – поляк тілі. Поляк тілін оқыту бойынша міндетті дайындық курстары қарастырылған.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:

1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;

2) балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;

3) Тәуелсіз сараптама комиссиясын бағалау.

Қажетті құжаттар туралы қосымша ақпаратпен, құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға