Жаңалықтар

Полицияның қызметтік көлігіне отырған қыздар туралы тың дерек шықты

Полицияның қызметтік көлігіне отырған қыздар туралы тың дерек шықты
Фото: © Polisia.kz 24.08.2023 14:14 1682

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицияның қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі. 

Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдар оларға тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған), - делінген Polisia.kz мәліметінде.

Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерге түсіріп кеткен.

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға