Полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы 100-ге жуық өтініш түскен
Қазақстанда жылына полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100-ге жуық өтініш келіп түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы – еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының өзекті мәселесі. Зорлық-зомбылықтың өсуі – қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
– Бұл салада проблемалар бар екенін мойындауымыз керек. Қазір қоғам өзгерді. Зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілерді ашық айтатын болды. Нәтижесінде соңғы бес жылда мұндай фактілер бойынша өтініштер саны 3 есеге өсті. Сонымен бірге, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері “үй тирандарын” жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде жазасыздық жүгенсіздікке әкеліп соғады. Қол жұмсау әдетке айналды десек те болады. Демек, одан да ауыр зардаптар туып, салдарынан отбасы-тұрмыстық салада ауыр қылмыстар орын алып жатыр. Мысалы, биылғы жылдың өзінде тұрмыстық жанжалда 18 кісі өлтіру жасалды, – деп хабарлады ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.