Полиция жастардың жаппай төбелесіне қатысты түсініктеме берді
Фото: El.kz/Арман Мухатов
Фото: El.kz/Арман Мухатов
16.09.2023 20:10
729
Полицейлер желіде тараған жастардың жаппай төбелесінің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Видео авторының сөзінше, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушылары мен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды, - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Egov.kz платформасы уақытша жұмысын тоқтатады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты