Полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
Баспасөз қызметінің мәліметңнше әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтті
Фото: facebook.com/qriim.mvdrk
Фото: facebook.com/qriim.mvdrk
19.09.2022 09:49
1680
Абай облысының полиция қызметкері QAZAQ KURESI бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты.
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті.
Сафуан - QAZAQ KURESI бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.
Бөлісу:
