Жаңалықтар

Полиция суицидке бармақ болған Шымкент тұрғынын аман алып қалды

Полиция суицидке бармақ болған Шымкент тұрғынын аман алып қалды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 25.11.2023 12:46 811

Шымкент тұрғынын суицидтан құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24 қараша күні кешкі уақытында Жедел басқару орталығының 102 арнасына белгісіз азаматшаның көппәтерлі үйдің 11 қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Шақырту бойынша тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипаждары жолданды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді. Азаматшаның назары бір сәтке ауғанын пайдаланып, инспектор Нұржан Айдаров оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Кейін қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Оның бұл қадамға жеке мәселелеріне байланысты барғаны белгілі болды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қайғылы оқиғаларды болдырмау, құтқару және көмектесу - біздің міндетіміз, - дейді полиция қызметкерлері.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға