Жаңалықтар

Полиция қызметкерлерінің жұмысы фотокөрме арқылы көрсетілді

Полиция қызметкерлерінің жұмысы фотокөрме арқылы көрсетілді
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 22.06.2024 16:19 554

Қазақстандық полицейлердің жұмысынан сыр шертетін фотокөрме “Хан Шатыр” сауда орталығында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Галереяда тәулік бойы азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін тәртіп сақшыларының жұмысы көрсетілді. Іс-шара 23 маусымда атап өтілетін Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды. Әлеуметтік жоба азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.

Жалпы полицейлердің жұмысы қылмыскерлерді ұстаумен және қылмыстарды ашумен шектелмейді. Учаскелік және патрульдік полиция инспекторлары, сондай-ақ басқа да қызметтердің қызметкерлері кез келген төтенше жағдайда көмекке келеді. Бұған су тасқынына қарсы іс-шаралар, орман өрттері кезіндегі полицияның жұмысын көрсететін фотосуреттер дәлел бола алады.

Соның бірі – Абай облысында болған орман өрті кезіндегі сурет. Онда Абай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ернар Базаров ауыл тұрғынымен әңгімелесіп, оны қауіпті аймақтан кетуін сұраған. Әйел күйеуі мен ұлының тағдырына алаңдаулы болғандықтан үйін тастап кетуден бас тартқан. Тәртіп сақшысы тұрғынды көндіріп, соңында бұл отбасы үшін барлығы сәтті аяқталды.

Сондай-ақ фотокөрмеде полицияның күнделікті профилактикалық жұмысынан да суреттер болды. Фотокөрмеде ІІМ Ұлттық ұланының оркестрі өнер көрсетті. Сауда орталығына келушілер полиция формасын киіп көріп, құрылғылармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға