Жаңалықтар

Полиция қызметкерлері 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

Ер адам қамауға алынды
Полиция қызметкерлері  20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады
Фото: polisia.kz 19.11.2022 18:55 1385

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.      

Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады.  

Ер адам 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде екені белгілі болды. Нәтижесінде 20 жылдан кейін аталмыш халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді Түркістан облысы ПД полицейлері ұстады.      

Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға