Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Кеше 13 желтоқсан күні түнгі сағат 2-лер шамасында Абай облысы Көкпекті аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Расул Әтіманов ауыл тұрғынын үйдегі өрттен құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өртті байқап қалған подполковник дереу үйге қарай бет алған. Қақпадан өткен ол ағаш құрылымдардың жалынға оранып, оттың үйдің шатырына қарай ұмтылып жатқанын көрген. Полиция қызметкері өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалып, үйдің терезелері мен есігін қағып, үй иесін оятуға кірісіпті.
35 жастағы әйел болған жағдайдан бейхабар еді. Полицейдің уақтылы және жедел әрекетінің арқасында ол аман қалып, үйдің мүлкінің басым бөлігі сақталды. Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, өртті сөндірген.
Үйімнің өртеніп жатқанын білмедім де. Егер полиция қызметкері болмағанда, жағдайдың немен аяқталатынын елестетудің өзі қорқынышты. Ол мені және үйімді сақтап қалды. Шексіз алғысымды білдіремін! – деді ауыл тұрғыны.
Өз кезегінде Расул Әтіманов бұл – әрбір азаматтың, оның ішінде полиция қызметкерінің борышы екенін айтты. Ең бастысы – зардап шеккендер жоқ.