Полиция бұзақылық жасағаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
13.12.2024 12:22
301
Полиция бұзақылық жасағаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады.
Ер адам атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген. Яғни қылмыс орнынан қашып кеткендіктен, іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда «Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесін әзірленіп жатыр
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты