Жаңалықтар

Полиция әнші Әбдіжаппар Әлқожаны қамауға алған сәттің видеосын жариялады

Полиция әнші Әбдіжаппар Әлқожаны қамауға алған сәттің видеосын жариялады
Фото: Видеодан кадр 06.07.2024 22:05 6443

Желіде әнші Әбдіжаппар Әлқожаны қамауға алу сәтінің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірдің бас полицейінің мәліметінше, 6 шілдеде полицейлер Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған.

Автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізген кезде KIA Сarnival автокөлігі келді. Оның жолаушысы М. есімді азамат полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, құқық бұзушының рәсімделуіне кедергі жасай бастады. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне белсенді түрде қарсылық көрсетті. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның “орташа” дәрежелі мас күйі расталды,-деп жазды Бауыржан Әленов.

Көлiк құралын басқару құқығынан айырылып көлiкті басқарғаны үшін Toyota Camry жүргізушісі 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Ал KIA Carnival жолаушысы құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Біз бұған дейін әнші Әбдіжаппар Әлқожа сот шешімімен әкімшілікке қамаққа алынғаны туралы жаздық.

Кеше белгілі әнші Қайрат Нұртастың 5 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Өнер иесі ұшақта жолаушының бірімен төбелескені үшін айыпталып отыр. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бауржан Аленов (@baurzhan__alenov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға