Жаңалықтар

Полицейлерді балағаттаған ер адам қамауға алынды

Полицейлерді балағаттаған ер адам қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 04.02.2025 23:13 119

Алматыда түннің бір уақытында дәмханада шу шығарған ер адам қамауға алынды. Ол полицейлерге бағынбаған және шенді қызметкерді балағаттаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

102 қызметіне дәмхана қызметкерлерінен шақырту келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлерге ер адам бағынбаған. Кейін тәртіп сақшыларына балағат сөздер айтып, қашып кетуге тырысқан. Алайда оның бұл әрекетінен түк шықпады. Медициналық сараптама құқық бұзушының орта дәрежеде мас болғанын анықтады.

Сот қаулысымен ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабымен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне тіл тигізу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 378-бабы қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға