Жаңалықтар

Полицейлер жолда төгілген лак-бояуға байланысты мыңнан астам көлікті алып жүрді

Полицейлер жолда төгілген лак-бояуға байланысты мыңнан астам көлікті алып жүрді
Фото: Polisia.kz 21.07.2024 18:38 498

Ақмола полицейлері автожолда төгілген лак-бояу материалдарына байланысты Астанаға 1000-нан астам автокөлікті алып жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 шілдесінде "Астана-Петропавл" автожолында 8 тоннаға жуық лак-бояу материалын тасымалдаған Volvo маркалы жүк көлігі аударылды. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Астана-Петропавл" республикалық автожолында жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Ақмола облысының полицейлері автокөліктерді алып жүруді ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта жол қызметтері жол төсемінен бояуды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Автожолда көлік қозғалысы шектеулі.

Полицейлер жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға