Жаңалықтар

Полицейлер жолда қалған 800-ге тарта көлікті бір тізбекпен алып жүрді

Полицейлер жолда қалған 800-ге тарта көлікті бір тізбекпен алып жүрді
Фото: baigenews.kz 14.01.2023 15:02 1259

Ауа райының қолайсыздығынан трассада қалып қойған 800-ге жуық автокөлікті полицейлер Астанаға және Павлодар облысымен шекараға дейін алып жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

POLISIA.KZ Телеграм-арнасының мәліметінше, қарлы боран салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық трассасын жабу туралы шешім қабылданды. Полиция нарядтары және басқа да құзыретті органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: блок бекеттер қойылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы бұрқасынға байланысты көліктердің жиналуы пайда болды.

«13 қаңтарда полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция ротасының экипаждарының көліктер тізбесін бір тізбекпен алып жүруін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Күні бойы полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық көлік құралын алып жүрді, тағы 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрді», - деп жазды ақпарат көзі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға