Жаңалықтар

Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрондарды қолдануда

Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрондарды қолдануда
Фото: Видеодан кадр 20.11.2024 07:35 388

Абай облысы Жарма ауданының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында  заманауи технологияларды белсенді түрде пайдалануда. Соның бірі – жергілікті полиция қызметінің қарамағындағы дрон, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ауылдық жолдарда жүргізілген рейдтер барысында тәртіп сақшылары дронның көмегімен жол ережелерінің сақталуын бақылап, жылдамдықты асыру, рұқсат етілмеген жерде басып озу сияқты жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтап отырады.  

Дрондарды қолдану құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, олардың салдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл жүргізушілер арасында тәртіпті арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Полицейлер қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды қолдануды жалғастыруда,-деп атап өтті облыстық полициядан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға