Жаңалықтар

Полицейлер мен құтқарушылар жертөледен шыға алмай қалған әйелді құтқарды

Полицейлер мен құтқарушылар жертөледен шыға алмай қалған әйелді құтқарды
Фото: Видеодан кадр 31.05.2024 05:33 490

Таңғы сағат 4-те Первомайский ауылының зейнеткері жертөлеге түсіп бара жатып, биіктен сүрініп құлап, өздігінен көтеріле алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Түстен кейін ғана көршілер әйел адамның көмекке шақырғанын естіп, ТЖД мен полиция қызметкерлерін шақырған.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Азамат Балтабаев пен Орал Азамбаев жедел жеткен.

Құтқарушылар мен полицейлер зейнеткерді аман-есен алып шығып, дәрігерлердің қолына тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға