Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
07.07.2023 19:29
648
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады, - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі "Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті