Жаңалықтар

Полицей медициналық көмекке мұқтаж зейнеткерге көмектесу үшін өмірін қауіпке тікті

Полицей медициналық көмекке мұқтаж зейнеткерге көмектесу үшін өмірін қауіпке тікті
Фото: © Polisia.kz 01.09.2023 18:37 1040

Ақмола облысында учаскелік инспектор 3-қабаттың балконына көтеріліп, медициналық көмекке мұқтаж зейнеткерге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атбасардың 77 жастағы тұрғыны ауырып қалғаны туралы хабар келді. Алайда жедел жәрдем станциясының бригадасы оған көмек көрсету үшін алдыңғы есік арқылы пәтердің ішіне кіре алмады.

Атбасар ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Әкімшілік учаскені аралау кезінде учаскелік инспектордың телефонына жедел жәрдем станциясының фельдшері Татьяна Чичиковадан жәрдем көрсету туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Медицина қызметкері бригадамен бірге денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған 77 жастағы жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсету үшін келгенін айтты, алайда бригада пәтерге кіре алмай тұрғынан айтып түсіндірді.

Руслан Кравцунов дереу оқиға орнына барды. Онда жалғыз тұратын зейнеткердің дәрменсіз күйде екенін және көмекке шақырып жатқанын білді. Полиция қызметкері үшінші қабаттағы зейнеткердің үйіне көрші тұрғынның балконы арқылы кіруі шешті. Пәтерге кіргеннен кейін Руслан зейнеткерге медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына есік ашты. Әрі қарай полиция қызметкері қызметін жалғастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға