Жаңалықтар

Полиция ескертуін елемеген жүргізуші көлігімен суға кетті

Полиция ескертуін елемеген жүргізуші көлігімен суға кетті
Фото: видеодан скрин 06.04.2025 15:46 562

Ақмола облысының полициясы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"5 сәуірде полиция бекеті қойылғанына және жолды су басуына байланысты енгізілген шектеуге қарамастан, жүргізуші тыйымды бұзды. Жүргізуші жабық учаскені айналып өтуге тырысты. Су басқан учаскені кесіп өту кезінде көлікті ағын алып кетті", - делінген хабарламада. 

Көлікте үш адам болған. Екі жолаушы құтқарылды. Жүргізушінің денесі табылды.

Оқиға "Астана-Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 963–ші шақырымында болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға