Жаңалықтар

Пластикалық терезе арқылы кірген: Қонаевта ірі көлемде алтын ұрлағандар ұсталды

Пластикалық терезе арқылы кірген: Қонаевта ірі көлемде алтын ұрлағандар ұсталды
Фото: © Pixabay.com 23.05.2023 02:18 1187

Алматы облысының полицейлері ірі ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 сәуір Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданған.

Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады. Дерек облыс орталығының полициясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3- тармағы бойынша тіркелді. 1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды. Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға