Жаңалықтар

Пластикалық отаға кімдер әуес?

Пластикалық хирург Асылбек Ахметжановпен сұқбат
Пластикалық отаға кімдер әуес?
19.05.2022 16:28 45414

Қазіргі кезде пластикалық ота адамның бет-әлпетін толықтай өзгертіп жіберуге қауқарлы. Қолдан жасалған сұлулыққа кімдер құмартады? Пластикалық отаның пайдасы мен зияны, құны туралы арнайы маманмен әңгімелескен болатынбыз.

Пластикалық отаға кімдер әуес?

–  Асылбек Болатбекұлы пластикалық ота жасау соңғы жылдары сұранысқа ие. Адамдар неге пластикалық отаға әуес?

– Мен 2010 жылдан бері хирургия саласында жұмыс істеп келемін. Алғашында жалпы хирургия, нейрохирургия, травматология салаларын қамтып, соңғы 3 жылда пластикалық хирургиямен айналысып келемін. Бүгінде пластикалық хирургияға сұраныс өте жоғары. Оның бірден бір себебі адамдар әлеуметтік желіні жиі қолданады. Барлығы да әдемі болып көрінгісі келеді. Кейбір адамдар комплекстерінен арылғысы келеді. Сонымен қатар Батыстың ықпалынан да адамдар пластикалық отаның көмегіне көп жүгінеді.

–  Пластикалық ота қанша тұрады? (Ең қымбат және ең арзан ота)

– Біз жасайтын оталардың ең арзаны жарақаттан кейінгі терінің тыртықтарына жасалады. Ең арзан отаның құны 50 мыңнан басталады. Ең қымбат ота 2 млн-ға дейін барады.

Пластикалық отаға кімдер әуес?

(Суретте: Пластикалық хирург Асылбек Ахметжанов)

–  Пластикалық отаны ерлер жиі жасай ма, әлде әйелдер ме?

–  Әйелдер әдемілікке құмар. Сондықтан пластикалық отаны қыз-келіншектер жиі жасайды.

Пластикалық отаға кімдер әуес?

–  Пластикалық отаның қай түрі ерекше сұранысқа ие?

–   Біздің Қазақстанда көздің қабағына жасалтын ота бірінші орында. Екінші орында омырауға жасалатын оталар. Омырауға жасалатын отаға қажетті материалды біз шет елден аламыз. Барлығы сертификатталған.


Пластикалық отаға кімдер әуес?

Пластикалық отаға кімдер әуес?

–   Пластикалық отаның пайдасы мен зияны

–  Отаның зияны операциядан кейінгі уақыттан соң жарасы жазылғанға дейінгі уақытта қолайсыз болады. Басқа айтарлықтай зияны бар деп айта алмаймын. Пайдасы адам психологиялық жағынан өзіне деген сенімділігі артады және келбетті болады. Кейбір отаның пайдасы – қыздар сәтті тұрмысқа шығып кетіп жатады.

Пластикалық отаға кімдер әуес?

Пластикалық отаға кімдер әуес?

Медициналық көрсетілімі жағынан көбіне үлкен кісілерде көздің үстіңгі қабаты салбырап кетеді. Ол көздің көруіне кері әсері болып, қабағы көзді жауып қалады. Кедергі келтірмес үшін біз көздің үстіңгі қабатындағы салбыраған терісін алып тастаймыз.

–   Пластикалық ота жасататын кезде қалай дайындалу керек?

–  Қандай да бір отаның алдында консультация өткіземіз. Науқастар анализ тапсырады. Қосымша аурулары болса, коррекция жасатып, арнайы мамандарға көрсетеміз. Созылмалы аурулары болса, солардың барлығына ем жүргізгенін бақылаймыз. Егер науқас қанды сұйылтатын дәрілер ішсе, соларды тоқтатқызамыз. Себебі ота кезінде қан кету жорамалдылығы жоғары болады. Содан кейін қолайлы бір күнді белгілеп, ота жасаймыз.

Пластикалық отаға кімдер әуес?

Пластикалық отаға кімдер әуес?

–  Ота жасайтындардың жас ерекшеліктері

– 40 жас пен 60 жас аралығындағы адамдар көп ота жасатады. Себебі жасына байланысты денесінде өзгерістер пайда болады. Бұлшықет, тері ұлпалары төмен салбырап қалады. Сонымен қатар қартаюға қарсы оталарды да жиі жасаймыз.

–   Қазақстандықтардың арасында ең танымал пластикалық оталар

–  Бірінші – көздің қабағын өзгертуге арналған ота (блефаропластика). Одан кейін омырауға және ішке жасалатын ота (обдоминопластика). Үшінші либомоделирование. Ол адамның денесіндегі майын басқа жерлерге трансплантация жасау. Және де қыз-келіншектер құм фигурасын шығару үшін жасалатын ота түрлері қазіргі таңда алдыңғы орында тұр.

Пластикалық отаға кімдер әуес?

Пластикалық отаға кімдер әуес?

–   Ота жасағанда тәжірбиелі маманды таңдап, келеңсіздікке тап болмас үшін қандай жайттарды ескеру қажет?

– Біріншіден әлеуметтік желідегі жарнамаға сенуге болмайды. Ол жерлерде маркетингтік кодтар бар. Лицензиясы жоқ, тәжірибесі аз мамандар өздерін желі арқылы жарнамалайды. Сол себептен адамдар өз-өзіне зақым келтіріп алуы мүмкін. Ота жасайтын маманның білімі мен тәжірибесі болуы керек. Осыған аса назар аударған жөн. Өткен аптада біз Өзбекстанға Еуразиялық Конгреске барып келдік. Онда классикалық медицина тақырыбы талқыланды. Әлемнің әр түрлі мемлекеттерінен тәжірибелі дәрігерлер жиналды. Біз де өзіміздің білімімізді толықтырдық. Кейінгі кезде жасалып жатқан операциялардың түрлерімен таныстық. Қазіргі кезде ота жасап жатқан орталықтар көп. Оны тексеріске алып жатқан органдар бар-жоғынан хабарсызбын. Барлығы мақұлданған. Кейбір науқастар отаны шет елде жасатып келіп жатады. Корея, Қытай елдеріне жиі барады. Шет елдің азаматы болғаннан кейін ақшасын алып, отаны жасап береді. Бірақ отадан кейінгі жағдайларға көбіне жауап бермей жатады. Сондықтан арнайы білімі мен тәжірибесі бар маманның көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

–  Сұқбатыңызға рахмет!

Суреттерді түсірген: Мақсат Рысбеков

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға