Жаңалықтар

​Планшеттер оқулықтарды алмастырмайды - министрлік

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
​Планшеттер оқулықтарды алмастырмайды - министрлік
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев 02.11.2022 15:07 2011

Оқушыларға берілетін электронды планшеттер оқушылардың оқуына қосымша мүмкіндіктер береді, сонымен қатар мектеп рюкзактарының салмағына қатысты мәселені шешуге көмектеседі, деп хабарлайды El.kz

Бұған дейін ата-аналар оқушылардың цифрлы білім беру ресурстарына, электронды күнделіктерге, білім беру платформаларына, әсіресе ауылдық жерлердегі оқушылардың тең қолжетімділігі және рюкзактардың ауырлығына байланысты балалардың денесіне түсетін жүктеме мәселесін көтерген болатын. Балаларға электронды күнделіктер, оқулықтар мен цифрлы білім беру ресурстары орнатылатын планшеттермен қатар бұрынғыдай басып шығарылған оқулықтар да беріледі.

Осылайша, балалар цифрлы сабақтарға, жаттығуларға және тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады. Сонымен қатар мектепте баспа оқулықтарын қолдануға, кейін оларды сол жерде қалдыруға және үй тапсырмаларын орындап, қосымша білім алу үшін электронды құрылғыларды қолдануға мүмкіндік алады. Егер оқушы планшетті пайдаланғысы келмесе, онда оның бас тартуына және тек дәстүрлі оқулықтарды пайдалануына құқы бар.

«Планшеттердің көмегімен балалар цифрлы сабақтарға, жаттығулар мен тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады. Интернеті нашар өңірлер үшін жүктелген цифрлы сабақтарды, тапсырмаларды, білім беру ресурстары және оқулықтарды офлайн пайдалану мүмкіндігі болады. ЦДИАӨМ-мен бірлесіп оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Егер қандай да бір себептермен бала планшеттерді қолданғысы келмесе, онда ол әдеттегідей дәстүрлі оқулықтарды және стационарлық құрылғылардан білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Яғни планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл - оқудың қосымша ресурсы. Таңдау ата-аналар мен оқушылардың еншісінде болады», - деп айтты Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға