Жаңалықтар

Петропавлдағы құрылысы басталған жылу электр орталығында түтін мұржасы қисайып қалды

Петропавлдағы құрылысы басталған жылу электр орталығында түтін мұржасы қисайып қалды
Фото: instagram.com/sevkazenergo 11.08.2023 11:00 855

Петропавлдағы жылу электр орталығында (ЖЭО-2) салынып жатқан түтін мұржасы қисайды. «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі нысандағы құрылыстың тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Севказэнерго« АҚ мамандары мұржа өсінің жобалық ережеден ауытқығанын анықтаған. Мердігер ұйым - «Қазтеплоспецстрой» ЖШС. Мұржаны салу жұмыстары дереу тоқтатылды.

Енді құбырдың қанша метрін бөлшектеуге тура келетіні есептеуден кейін белгілі болады. Барлық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтай отырып, жаңа қалып салынады. Құбыр құрылысы бойынша жұмыстар қысқа мерзімде қайта басталады.

Құлаған мұржаның орнына салынып жатқан жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болуға тиіс. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңында аяқталып, келесі жылы іске қосылуы керек еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АО "СЕВКАЗЭНЕРГО" (@sevkazenergo)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға