Жаңалықтар

Петропавлда жалған ақпарат берген адам бес жылға сотталды

14 ақпанда масаң күйдегі ер адам 102 шұғыл байланыс желісіне Заводская көшесіндегі үйдің подъезінде жарылғыш затпен тұрғаны туралы хабарлаған.
Петропавлда жалған ақпарат берген адам бес жылға сотталды
29.06.2022 00:53 1213

Петропавл тұрғыны жарылғыш құрылғы туралы жалған ақпарат бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

14 ақпанда масаң күйдегі ер адам 102 шұғыл байланыс желісіне Заводская көшесіндегі үйдің подъезінде жарылғыш затпен тұрғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, жарғыш техниктер мен басқа да шұғыл қызметтердің өкілдері келіп жетті. Аталған үйдің жанында масаң күйдегі ер адам ұсталды. Жеке тексеру барысында ешбір жарылғыш қауіпті зат табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” сотқа дейінгі тергеу басталды. 8 маусымда Петропавл қалалық соты оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім шығарды.

– Ер адамның заңсыз әрекеті қалалықтардың тыныштығының шырқын бұзды. Осындай оқиғалар меншік иелеріне материалдық шығын келтіре отырып, объектілердің жұмысына жиі кедергі жасайды, адамдардың тыныштығын бұзады, ғимараттарды тексеру үшін адамдарды эвакуациялауға тура келеді. Телефон терроризмі үшін ҚР ҚК 273-бабының санкциясына сәйкес ірі көлемдегі айыппұл мен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін естен шығармаған жөн, – деді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға