Петропавлда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті

Петропавлда 15 жасар қыз бала өзіне қол салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай түстен кейін орын алған.
31 мамыр сағат 15:15-те Петропавл қаласы ПБ-ның 102 жедел арнасына Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына бірден полицейлер шықты. Жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен қайтыс болған қыз баланың жеке басы анықталды. Алдын ала болжам бойынша, 15 жастағы қала тұрғыны көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
