Петропавлда үш жасөспірім соққының астында қалды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
12.05.2023 11:36
895
Петропавлдағы дәмханалардың бірінің маңында алты адамның жасөспірімдерді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама 7 мамыр сағат 00:58-де келіп түскен.
Белгісіз адамдардың жанжал кезінде 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді, - делінген мәліметте.
Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде алдағы күндері үсік жүреді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті