Петропавлда техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
18.02.2024 11:05
827
Петропавлда техникалық қызмет көрсету станциясының ангарында өрт шықты. Бұл туралы 101 пультіне 18 ақпан сағат 04.36-да хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл үшінші дәрежедегі шақырту санатына жатқан. Өртті сөндіруге СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 46 жеке құрамы мен 14 техникасы жұмылдырылды.
Стансадан 5 көлік эвакуацияланды. Қызыл жалын сағат 06.01-де оқшауланып, сағат 06.53-те сөндірілді. Өрттің аумағы - 600 шаршы метр.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алаяққа сенген алматылық 83 млн теңгесінен айырылды