Петропавлда қамыс өртеніп, 4 тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

Фото: pkzsk.info
Фото: pkzsk.info
07.05.2023 21:35
1420
Петропавлдың маңында қамыс жанып жатыр. Лапылдаған от көшеге кіріп, 4 тұрғын үй өртенген. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы 5-Сенная көшесіндегі ашық алаңда қураған қамыс жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткендіктен, өртке 4-қауіпсіздік деңгейі берілді.
Оқиға орнынан 40 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Әзірге қамыстың неден тұтанғаны белгісіз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Перуде алтын шахтасында болған өрттен 27 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды