Жаңалықтар

Петропавлда полицейлер ер адамды өрттен құтқарып қалды

Петропавлда полицейлер ер адамды өрттен құтқарып қалды
Фото: polisia.kz 07.10.2024 19:39 123

Петропавлда полиция қызметкерлері ер адамды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары 6 қазанға қараған түні сағат 3:00 шамасында Жұмысшы кентіндегі үйлердің біріндегі өртті байқаған. Аумақта екі уақытша үйшік тұрған, солардың бірінде өрт болған.

Есік оттың кесірінен жабылып қалды. Біз терезені сындырып, терезеге жақындаған адамды түтіндеп жатқан үйден шығарып алдық. Осы мезетте өрт бөлмені шарпыды. Жарылыс естілді. Мүмкін газ баллоны жарылған шығар деген ойға келдік, – дейді СҚО ПД Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Санат Еменалин.

Көршілерімен бірге полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті оқшаулау шараларын қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға