Жаңалықтар

Петропавлда оқушы студентке пышақ жарақатын келтірді

Петропавлда оқушы студентке пышақ жарақатын келтірді
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 16.05.2024 22:41 827

Осыдан бірер күн бұрын Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтаса, бұл жолы жантүршілерлік жағдай Петропавлда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалған.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 мамыр күні күндіз болған.

Екеуара кикілжің туындап, №44 мектеп оқушысы қаладағы колледждердің бірінің студентіне пышақпен шабуылдаған. Жасөспірім ізін суытпай қолға түсті. Оның мұндай әрекетке неліктен барғаны анықталып жатыр.

Күдікті Петропавл полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген СҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бұл бір аптаның ішіндегі осындай екінші жағдай. Естеріңізде болса, 13 мамыр күні Павлодар мектептерінің бірінде оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға