Жаңалықтар

Петропавлда меценат көп балалы Рақымжановтар отбасына пәтер кілтін табыс етті

Петропавлда меценат көп балалы Рақымжановтар отбасына пәтер кілтін табыс етті
07.03.2019 05:17 2583

«Ана болу бақыт». Петропавл қаласының оқушылар сарайында Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысының тақырыбы осылай аталды.

Отырыс басталар алдында қонақтар үшін оқушылар сарайына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушыларды заманауи технологиялардың бірегейлігі таң қалдырды.

Одан әрі пленарлық бөлімде спикерлер «Тәрбие беру – ананың борышы», «Жасыл экономиканы» алға жылжытудағы әйелдердің рөлі туралы», «Балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы ана мен отбасылық тәрбиенің рөлі туралы» тақырыптар төңірегінде ой қозғады.

Аталмыш іс-шара барысында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орайластырып «Харакет» қайырымдылық қоры көп балалы Рақымжановтардың отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға