Петропавлда көпқабатты үйдің балконында өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
07.09.2024 10:19
688
СҚО құтқарушылары көпқабатты үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балконнан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 қабатындағы тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтердің балконы жанғанын анықтады.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін күйші Мұхит Мерәліұлының туған күні
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті