Жаңалықтар

Петропавлда казак мәдениетінің фестивалі өтті

Петропавлда казак мәдениетінің фестивалі өтті
10.12.2019 20:50 2190

Жыл сайын «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігі «День казачки» атты казак мәдениетінің фестивалін өткізеді.

Петропавлда казак мәдениетінің фестивалі өтті

Шара петропавлдықтар үшін дәстүрге айналды және Достық үйі халық шығармашылығын бағалаушылар үшін өз есігін алтыншы рет ашты.

Достық үйіне мерекемен құттықтау үші 200-ден астам қонақ және 100-ге жуық қатысушы жиналды.

Петропавлда казак мәдениетінің фестивалі өтті

Концерттік бағдарламаға облыстың қала және аудандарынан келген шығармашылық ұжымдары қатысты. Қатысушылар балалардан бастап сахнаның ардагерлеріне дейін славян мәдениетіне арналған шығармашылық нөмірлер ұсынды. Зал әртістермен бірге сүйікті әндерді орндап, оларды ду қол шапалақпен қарсы алып отырды.

Петропавлда казак мәдениетінің фестивалі өтті

Мереке батыл және мықты ұлдарды, мейірімді және инабатты қыз-келіншектерді тәрбиелеп отырған ақ жаулықты аналарға арналды. Әйелдер атына ең жақсы сөздер, жан тілектер айтылды. Өйткені, кез-келген халықтың анасы – өмірдегі ең қымбат жан, әрқашан қолдау көрсететін және қол ұшын беретін адам.

Петропавлда казак мәдениетінің фестивалі өтті

Сонымен қатар фестиваль барысында биылғы жылы құрылған жас отбасылар марапатталды. Бұл казактардың отбасы институтын нығайтуға деген ерекше көзқарасын танытады.

Іс-шарадан кейін барлық әртістер үшін мерекелік үстел ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға