Жаңалықтар

Петропавлда ит-мысығына дұрыс қарамаған 400-ден астам адам жазаланды

Петропавлда ит-мысығына дұрыс қарамаған 400-ден астам адам жазаланды
Фото: © El.kz 23.08.2023 06:15 763

Петропавлда жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін биыл 400-ден астам тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов қызмет атқару барысында Қазақстан Конституциясы мен Горький көшелерінің қиылысында итті серуендетіп жүрген үш әйелді байқайды.

Стаффордшир терьердің тұмсығында тұмылдырығы, мойнында бауы болған.

Алайда полиция қызметкеріне ит иесінің жүріс-тұрысы сезік тудырып, тексермек болады. Екі әйел полицейлердің заңды талабына бағынбады.

Нәтижесінде 1984 және 1988 жылы туған әйелдер медициналық куәландыруға жеткізілді. Оның нәтижесі әйелдердің мас күйде болғанын көрсетті.

СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері итті уақытша орталықтағы торға орналастырды.

Әйелдер полиция басқармасына жеткізіліп, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2, 434 және 667-баптары бойынша бірнеше хаттама толтырылды.

Процестік шешім қабылдау үшін жиналған материалдар сот органдарының қарауына жіберілді. Кейін мастығы тараған әйел итін алып кетті.

Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, жыл басынан Петропавлда жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 400-ден астам адам жауапкершілікке тартылған.

Апта сайын учаскелік полиция инспекторлары қаланың әр бөлігінде тексеру және түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Алайда, нақты құқық бұзушылық болған жағдайда хаттама толтыруға мәжбүр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға