Жаңалықтар

Петропавлда имамды соққыға жыққан белсенді қамауға алынды

Петропавлда имамды соққыға жыққан белсенді қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 19.04.2024 10:18 2011

Петропавлда ер адам су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек таратып жатқанын телефон арқылы видеоға түсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның бұл әрекеті жергілікті имамға ұнамай, оған ескерту жасайды. Белсенді бұл сынға қатты жауап беріп, дін қызметкерін соққыға жыққан.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша қозғалған іс қаралды. Cотта 2024 жылы 15 сәуірде сағат 15:00 шамасында Петропавл қаласындағы облыстық Қызылжар мешітінде азамат Р. көп адамның көзінше жанжал шығарып, азаматтарға дөрекілік танытып, ақыры имамды бетінен жұдырықпен екі рет ұрғаны анықталды.

Ол осы арқылы ұсақ бұзақылық жасап, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады деп танылды, - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімімен сотталушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға