Жаңалықтар

Петропавлда ер адам жанжал кезінде нәрестені терезеден лақтырып жібермек болған

Петропавлда ер адам жанжал кезінде нәрестені терезеден лақтырып жібермек болған
Фото: Видеодан алынған кадр 21.09.2023 06:08 964

ІІМ мәліметінше, 20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласының ПБ Маяковского, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді.

ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді. 2023 жылы туған қыз бала зардап шекпеген. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді, - делінген мәліметте.

Ұсталған азамат СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны, масаң күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал болған. Ер адам ортақ кішкентай нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға