Жаңалықтар

Петропавлда бүтіндей бір отбасыны өлтіріп кеткен қаскөйлерге сот үкімі шықты

Петропавлда бүтіндей бір отбасыны өлтіріп кеткен қаскөйлерге сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT 29.10.2024 13:34 445
Петропавлда кәсіпкерді жанұясымен өлтіріп кеткен үш адамға қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

КТК мәліметінше, жерлеу рәсімі бизнесімен айналысатын отбасын бәсекелестері былтыр желтоқсан айында бауыздап кеткен. 

Кәсіпкердің кәмелетке толмаған ұлының денесі өз ауласынан табылды. Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш адамның екеуі ерлі-зайыптылар. Олар да бұған дейін жерлеу қызметін көрсетіп келген.

Жұртты шошытқан қанды оқиға Петропавл маңындағы жеке секторда болған. Байланысқа шықпай қалған Вадим мен Юлияның денесін туыстары өз үйінен тапқан. Ал 17 жастағы ұлы мектепте жоғалып кеткен. Оның да жансыз денесі өз ауласынан табылды. Көп ұзамай күдіктілер де ұсталды. Сергей Емельянов пен 25 жастағы Данил Орлов адам өлтіру және тонау бабымен сотталып жатыр. Олар марқұмдардың үйінен 100 мың теңге мен құны 2 млн теңге болатын бағалы заттарды қолды қылған. Сондай-ақ бүтіндей отбасы мүшелерінің өліміне жерлеу рәсімімен айналысатын 42 жастағы Ирина Скорбогатованың қатысы бар деген болжам айтылған. Өйткені ол күдіктінің бірімен жақын байланыста болып, тіпті бір үйде бірге тұрып жүрген. Осылайша сот оның сыбайласын өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал оның серіктесіне сот 21 жыл 8 ай жаза кесті. Ал бақталасын өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған - Скоробогатова үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот тергеу кезінде оның кінәсі дәлелденбегенін айтады.

"Бастапқыда сотқа дейінгі тергеу органы мен мемлекеттік айыптаушылар Скоробогатоваға қылмыстық топпен алдын ала сөз байласу арқылы екі адамды өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Алайда сотқа бұл күдікті растайтын жеткілікті дәлелдемелер ұсынылмады. Осылайша сот оған аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін ҚР ҚК 434-бабы бойынша жаза кесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға