Петропавлда бесқабатты үйден өрт шығып, екі адам уланып қалды
Зардап шеккендердің жағдайлары орташа
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
08.12.2022 03:14
1117
Петропавлда бесқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, екі адам уланып қалды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Петропавл қаласында Пушкин көшесі, 43 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің пәтерінде өрт болды (үй заттары өртенді). Өрттің салдарынан көміртегі тотығымен уланған 1974 және 1942 жылдары туған екі әйел адам ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Өрт орнынан 25 адам эвакуацияланып, 5 адам құтқарылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді