Жаңалықтар

Петропавлда қазақ тілін озық меңгерген этнос өкілдері анықталды

Петропавлда қазақ тілін озық меңгерген этнос өкілдері анықталды
24.09.2019 17:59 2028

Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Мың бала» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті.

Қатысушылар арасында – СҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ және Петропавл қаласы колледждерінің студенттері.

Петропавлда қазақ тілін озық меңгерген этнос өкілдері анықталды

Ойын 3 айналымнан тұрды. Ойынның шарты бойынша әр айналымда үш ойыншыдан қатысты. Ақтық сайысқа Вадим Сәрсембаев, Аделина Хисматуллина және Яна Захарченко шықты.

Сайып келгенде мемлекеттік тілді озық меңгерген жеңімпаз деп «Дуслык» татар-башқұрт орталығының белсенді мүшесі Аделина Хисматуллина танылды.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Петропавлда қазақ тілін озық меңгерген этнос өкілдері анықталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға