Петропавлда Қазақ мәдениетінің фестивалі өтті

09.07.2019 17:15
4598
Қазақ мәдениетінің фестивалі – «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы өткізетін дәстүрлі шара. Облыстық филармонияның атақты әртістерінің орындауындағы ән, би, костюмдер – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің көрсеткіші.
Фестиваль аясында «Urpaq» мәдени-ағарту орталығының дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері алғыс хаттармен марапатталды. Ұрпақтан-ұрпаққа берілген дәстүрлер бүгінгі күнге дейін сақталып жетті.
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін мәңгі есте қалдыру, қазақ тілін дамыту және насихаттау, ұлттық колоритті пайдалану - қазақ халқының тарихын ғана емес, ұлттық бірегейлігін сақтау кепілі болып саналады дейді шараны ұйымдастырушылар.
Бөлісу:
