Жаңалықтар

Петропавлда әйел адам көпірден өзенге құлап кетті

Петропавлда әйел адам көпірден өзенге құлап кетті
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 19.10.2023 21:13 682

Көпірден өзенге құлап кеткен қала тұрғынына Петропавл полицейі көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 18 қазан күні сағат 22:30 шамасында полицияға Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы суда жағаға шыға алмай жатқан әйел туралы қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберілді, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды. Судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.

Әйелді табу оңайға соққан жоқ. Ол қараңғыда бағытты жоғалтып, жағадан алыстап, қамыс баурайында қалып қойған шығар. Жағадағы және көпірдегі қызметкерлер мен қала тұрғындары мені бағдарлап отырды. Шамның жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай жүруге тырысты, бірақ орнынан қозғала алмады, - дейді ол.

Келіп жеткен жедел жәрдем арбасы тоңып қалған 32 жастағы Петропавл тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға