Жаңалықтар

Петропавлда әйел адам көпірден абайсызда құлап кеткен

Петропавлда әйел адам көпірден абайсызда құлап кеткен
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.10.2023 18:00 634

Петропавлда көпірден әйел адам құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, оқиға 18 қазан күні сағат 22:30 шамасында болған. ПД-ға Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы суда жағаға шыға алмай жатқан әйел туралы қоңырау келіп түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипаждары, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жедел жәрдем барған. Құтқарушылардың айтуынша, судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.

Әйелді табу оңайға соқпады. Ол қараңғыда бағытты жоғалтып, жағадан алыстап, қамыс баурайында қалып қойған шығар. Жағадағы және көпірдегі қызметкерлер мен қала тұрғындары мені бағдарлап отырды. Шамның жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай жүруге тырысты, бірақ орнынан қозғала алмады, - дейді ол.

Анықталғандай, суға құлап кеткен Петрпавл қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оны медициналық мекемеге дереу жеткізген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға