Жаңалықтар

Петропавлда Аналар кеңесінің форумы өтті

Петропавлда Аналар кеңесінің форумы өтті
25.09.2018 12:19 2361

2018 жылғы 19 қыркүйекте Достық үйінің шаңырағы астында аудандық, ауылдық, облыстық Аналар кеңестерінің ең белсенді өкілдері «Рухани жаңғыру берекелі шаңырақтан басталады» атауымен Форум аясында жаңа идеялар және тәжірибиемен алмасу мақсатында жиналды.

Аналар кеңесі – айрықша құрылым, ол тек қана ел азаматтары арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтап қалып қана қоймайды, оның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту. Отбасы – адам өмірінің ең бастысы, оның тірегі мен қолдау табатын орны. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі отбасылық институтты сақтап қалумен тікелей байланысты.

Іс-шара Достық үйінде басталды: аудандық Аналар кеңестерінің өкілдері «Сделано добрыми руками матери» идеялар және жобалар көрмесін дайындады. Осылайша, әділ қазыларға әртүрлі материалдардан қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілді. Көрме көздің жауын алатын тауарлардың молдығымен таңқалдырды, олар тек қана Солтүстік Қазақстан өңірінде ғана емес, сонымен қатар басқа облыстар мен жақын шетелдерде сұранысқа ие.

Идеялар мен жобалар көрмесі тәжірибие алмасу, облыс аудандарында нәтижелі іске асырылып жүрген қызықты идеялар мен жобалармен пікір алмасу алаңшасына айналды. Бұл қоғамға кең көлемде аналар мейрімді қолдарымен-ауылдық шеберлермен жасалған бұйымдарды танымалдандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың тауарлары мен қызметтеріне сұранысты анықтайды, өзара тиімді ынтамақтастыққа жаңа серіктестерді тартады.

Көрме қорытындысы бойынша әділ қазылар үш ауданнан келген шеберлерді айрықша атап өтті – Қызылжар, Тайынша және Айыртау. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смаилова осы бүйымдардың заманауи өнерге ең толық жауап беретіндігін және сұранысқа ие екендігін, осынысымен базарда бәсекеге қабілетті екендігін атап өтті.

Осыдан кейін дөңгелек үстел басында Аналар кеңесі мүшелері маңызды және өзекті сұрақтарды талқылады: несиелеу, ипотека, медициналық сақтандыру, зейнетақылық реформа және басқа. Мемлекеттік орган өкілдері  ақпаратпен егжей-тегжейлі бөлісті, тұщымды жауаптар берді.

Аудан өкілдері үшін 2018 жылғы 28 тамызда салтанатты түрде ашылған, Петропавл қаласындағы жаңа мешітке саяхат ерекше оқиға  болды. Қонақтарға мешіттің сәулеті естен кетпес әсер қалдырды: керемет сәулет, әсем рәсімделу, мейрімді және қонақжай адамдар. Мешіттен саяхаттан басқа «Әжелер мектебі» клубының отырысы өтті, оның аясында аға ұрпақ өкілдері жастарды мәдениетті сақтап қалуға, салт-дәстүрді үйренуге, балаларды адамгершілік-рухани құндылықтарға тәрбиелеуге шақырды.

Кездесу соңында облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Ысмақұлы Елеусізов сөз сөйледі, қоғамдағы Аналар кеңесінің маңыздылығын, жастарды тәрбиелеуде олардың қомақты үлестерін, отбасылық құндылықтарды сақтап қалудағы ролін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға